16.08.2026, 11:35
Жаңалықтар
ШҚО-дағы Асубұлақ орманындағы өрт оқшауланды
Тілсіз жаумен күреске 224 маман, 43 арнайы техника және 4 тікұшақ жұмылдырылды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
2026 жылдың 13 тамызында Шығыс Қазақстан облысындағы «Асубұлақ» мемлекеттік ормандарды қорғау мекемесі аумағында тіркелген орман өртін ауыздықтау жұмыстары сәтті жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мамандардың жедел әрекетінің арқасында орман өрті таралуының алдын алды. 114-орамдағы өрт толық оқшауланып, қазір оны түпкілікті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал 113-орамда өртті оқшаулау және толық сөндіру шаралары жалғасуда. Тілсіз жаумен күреске 224 маман, 43 арнайы техника және 4 тікұшақ жұмылдырылды.
Әуе техникалары арқылы өрт ошақтарына 100 реттен астам су төгу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тұрақты бақылауында.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды