Солтүстік пен батыста аптап басылады: 16 тамызға арналған ауа райы болжамы
Солтүстік пен батыста күн салқындап, оңтүстікте аптап ыстық сақталады
Қазақстан қалаларында 16 тамызда ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстігі мен батысында ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Орталық пен шығыста да жауын-шашын күтіледі. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн ыстық болып, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт шығып, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +23...+25°C болады.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +34...+36°C.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25°C, күндіз +37...+39°C.
Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C.
Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +27...+29°C.
Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +27...+29°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C.
Қарағандыда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C.
Көкшетауда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +23...+25°C.
Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +34...+36°C.
Қостанайда көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +18...+20°C.
Қызылордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +33...+35°C.
Павлодарда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +19...+21°C.
Семейде көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +34...+36°C.
Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +33...+37°C.
Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +36...+38°C.
Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +37...+39°C.
Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +25...+27°C.
Өскеменде көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +34...+36°C.