16.08.2026, 01:47
Жаңалықтар
Алматы орталығындағы дәмханаға заңсыз салынған жапсаржай бұзылды
Заңсыз құрылыс жоспардан тыс тексеру кезінде анықталған
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы орталығындағы дәмханаға заңсыз салынған жапсаржай бұзылды. Заңбұзушылық жоспардан тыс тексеру кезінде анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.
Қалалық құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, әңгіме Құрманғазы көшесі, 43 мекенжайында орналасқан дәмхана туралы болып отыр. Тексеру барысында нысан иесінің жапсаржайды заңсыз салғаны анықталды. Оған қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты меншік иесін кінәлі деп танып, заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы шешім шығарды.
Сот шешімін орындау үшін дәмхана иесі жапсаржайды өз күшімен бұзды.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)