Еліміздің бес қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды

Атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналады

Еліміздің бес қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды
Фото: © istockphoto.com

16 тамызда Қазақстанның бес қаласында ауа сапасының нашарлауына алып келетін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ауа сапасының нашарлауы Алматы, Ақтөбе, Балқаш, Қарағанды және Теміртау қалаларында байқалады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мамандардың мәліметінше, бұл қалаларда баяу жел, инверсия және тұман сияқты факторлар бірігіп, жерге жақын қабатта ластаушы заттардың шоғырлануына әкеп соғады. Мұндай жағдай адам денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін.

Ауаның ластануы кезінде мамандар келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

1.Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын жерде ұзақ жүрмеген абзал.

2.Өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және аллергияға бейім жандар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі тиіс.

3.Таза ауада спортпен шұғылдануды немесе ауыр физикалық жұмыс істеуді уақытша тоқтата тұрған жөн.