Алматыға америкалық әнші Канье Уэст келді
Стадионның үш жағынан 40 кіреберіс қарастырылған
Алматы әуежайында америкалық рэпер Канье Уэсті (Ye) қазақы дәстүрмен, дастархан жайып, ыстық ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әртіске қазақы қонақжайлық көрсетіліп, еліміздің мәдениеті мен дәстүрі таныстырылды.
Канье Уэстің концерті Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, оған 40 мыңнан астам көрермен келеді деп күтіліп отыр. Көрермендерді стадионға ұйымдасқан түрде кіргізу үшін оның үш жағынан 40 кіреберіс қарастырылған. Билеттерді тексеру сағат 16:00-де басталады. Кіреберісте көрермендер тексеруден өтеді. Стадион аумағына билет немесе аккредитациясы бар адамдар ғана кіре алады, деп хабарлады қалалық полиция.
Америкалық рэпердің концертіне қажетті 100 тоннадан астам техникалық құрал-жабдық Алматыға жеткізілді.
Сондай-ақ Канье Уэстің концертіне байланысты Алматыда 32 автобус пен троллейбустың бағыты өзгереді.