15.08.2026, 06:37
Жаңалықтар
«Қазатомөнеркәсіп» ұжымымен кездескен байтақтық кандидат экологиялық қауіпсіздік мәселесін талқылады
Экологиялық жауапкершілікті күшейту мәселесіне ерекше назар аударылды
Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының үгіт-насихат жұмысы белсенді жүріп жатыр. Партия атынан сайлауға түскен үміткер Сәуле Қамытбекова «Қазатомөнеркәсіп» компаниясына барып, еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиында өндірістегі экологиялық қауіпсіздіктің тиімділігін арттыру және компанияның табиғатты қорғау бағытындағы бастамалар талқыланды.
Сәуле Қамытбекова ұжымға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, саяси ұйымның ұстанымы мен міндетін жан-жақты түсіндірді.
Тараптар өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту, экологиялық жауапкершілікті күшейту мәселесіне ерекше назар аударып, пікір алмасты.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
