Теміртауда Байтақтықтар сайлаушылармен кездесті
Қатысушылар елдің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамуын талқылады
Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Теміртау мәдениет сарайында» «Байтақ» жасылдар партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттары сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары мен басымдықтары таныстырылды. Қатысушылар елдің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамуы, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселелерін талқылады.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өздерін алаңдатқан сұрақтарды кандидаттарға қойып, жауап алды.
Мұндай кездесулер партияның азаматтармен тікелей байланысын нығайтып, өңір халқының ұсынысы мен өткір түйткілдерін кеңінен талқылауға мүмкіндік береді.