Шымкентте аттракционда болған оқыс оқиғаға: полиция қылмыстық іс қозғады

«Жайлаукөл» саябағында аттракционнан қыз бала құлап, қолын сындырып алды

Шымкентте аттракционда болған оқыс оқиғаға: полиция қылмыстық іс қозғады
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап, қолын сындырып алды. Қалалық Полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінде қаладағы аттракциондардың бірінде кәмелетке толмаған қыздың дене жарақатын алуына әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті процестік шешім қабылданатын болады», – делінген полицияның агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында аттракционнан қыз бала құлап, қолын сындырып ал ғаны хабарланған болатын.