+43°С ыстық, бұршақты нөсер: 13 тамызға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ пен нөсер күтілсе, кей аймақтарда ауа температурасы +43°С-қа дейін көтеріледі

+43°С ыстық, бұршақты нөсер: 13 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: © istockphoto.com

Қазақстанда 13 тамыз, бейсенбі күні аптап ыстық пен бұршақты нөсер қатар күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, күндіз еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болады.

Қатты ыстық:

  • +35°С-қа дейін – Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде;
  • +35+39°С-қа дейін – Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында;
  • +38+42°С-қа дейін – Жамбыл және Маңғыстау облыстарында;
  • +40+43°С-қа дейін – Түркістан және Қызылорда облыстарында.

Өте қатты ыстық:

  • +40+41°С-қа дейін – Абай, Ұлытау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында.

Ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

«Тек Қазақстанның батысында, шығысында, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің батысында қатты жаңбыр күтіледі, жекелеген аудандарда бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, елдің солтүстігінде түнде және таңертең тұман болжанады», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады.

Жоғары өрт қаупі – Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысы мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының орталығында, оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен оңтүстігінде күтіледі.

Төтенше өрт қаупі – Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында, Қостанай облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының батысы мен орталығында, Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігі мен орталығында, Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Жетісу облысының батысы, шығысы мен орталығында сақталады.