Respublica Атыраудағы «Eurasia Support Services» ЖШС ұжымымен кездесті

Кандидат студенттер жатақханаларының мәселесіне ерекше тоқталды

Respublica Атыраудағы «Eurasia Support Services» ЖШС ұжымымен кездесті
Фото: Respublica партиясының баспасөз қызметі

Respublica партиясының сайлауалды штаб мүшелері кәсіпорынға барып, ұжыммен кездесу өткізді. Жиынға Құрылтай депутаттығына кандидаттар Бекжан Айтқұлов, Маханбет Амангелді, Жалынбек Жайнарбай және Нұргүл Тау қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

VIII шақырылым Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау Respublica фракциясының Парламенттегі нақты нәтижелері туралы айтты. Бар болғаны алты депутат бола тұра, үш жыл ішінде партия 300-ге жуық заңға 3000-нан астам түзету енгізген.

Фракцияның басты жетістіктерінің бірі — балалар мен жастардың денсаулығын қорғау мақсатында вейптерге толық тыйым салу. Сонымен қатар Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, инклюзия және білім саласында маңызды шешімдер қабылданды.

Кандидат студенттер жатақханаларының мәселесіне ерекше тоқталды. Оның бастамасымен студенттердің тұрмыс жағдайына қатысты мәселелер көтеріліп, жас ұрпақтың қауіпсіз әрі лайықты жағдайда білім алуы үшін жаңа жатақханалар салу қажеттігіне назар аударылды.