Астанада ер адамның үйінен есірткі құйылған инелер табылды (ВИДЕО)
Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы бір келіден асты
Астанада полиция қызметкерлері ер адамның үйінен есірткінің 100-ден астам «бір реттік» дозасын тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық ПД мәліметінше, 28 жастағы ер адамның пәтеріндегі шкафтардың бірінен таратуға арналған, алдын ала бөлшектеліп салынған есірткі заты бар пластик түтікшелер табылды. Барлығы 100-ден астам бөлшектелген каннабис шайырының дозасы, сондай-ақ осыған ұқсас зат салынған ыдыс, электронды таразы және есірткіні өлшеп, буып-түюге пайдаланылған өзге де заттар тәркіленді.
Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы бір келіден асты.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елорда полициясы есірткі заттарын сақтау, дайындау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Заңсыз табыс үшін бостандығыңызды тәуекелге тігудің қажеті жоқ — есірткі айналымына кез келген қатысу қатаң жауапкершілікке әкеледі», – делінген ПД хабарламасында.