$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.08.2020, 05:40
Жаңалықтар

2 тамыз күнгі ауа райы болжамы

Жексенбі күні республиканың басым бөлігінде күн жылы болады

2 тамыз күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

2 тамыз күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жылы болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және батыста найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстік-шығыста түнде тұман түседі», - деп жазылған хабарламада.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, жел екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Қарағаңды, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысында таңертең және күндіз найзағай ойнап, жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында аптап ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Түркістан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары