Қазақстан Халық партиясы Саран қаласында Орталық аурухананың ұжымымен кездесті

Кездесуде түйткілді мәселелер талқыланды

Қазақстан Халық партиясы Саран қаласында Орталық аурухананың ұжымымен кездесті
Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Қазақстан Халық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында Саран қаласының Орталық ауруханасында еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Саран қаласының Орталық ауруханасында 420 қызметкер еңбек етеді. Кездесу барысында медицина саласының мамандарына Қазақстан Халық партиясының «Ел байлығы – халық игілігіне!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары мен басымдықтары таныстырылды.

Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласын дамыту, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту, еңбек адамының мәртебесін көтеру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар сөз болды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, медицина қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерін айтып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен партияның бағдарламалық басымдықтары бойынша пікір алмасты.

Кездесу барысында еңбек ұжымы көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, сайлауалды бағдарламаның әлеуметтік бағыттағы бастамаларына қатысты өз пікірлерін білдірді.