«Ақ жол» партиясы Қостанайда еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Қазақстандағы сайлау жүйесін одан әрі дамыту мәселесі талқыланды

«Ақ жол» партиясы Қостанайда еңбек ұжымымен кездесу өткізді
Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері «Евраз Каспиан Сталь» зауытында еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында алдағы сайлау ғана емес, партияның Қазақстандағы сайлау жүйесін одан әрі дамытуға қатысты ұстанымы да сөз болды.

«Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасында сайлау үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын арттыруға бағытталған заманауи цифрлық шешімдер ұсынылған. Атап айтқанда, сайлау учаскелеріндегі дауыс беру барысын бейнемониторинг арқылы бақылау, сайлаушыларды электронды сәйкестендіру және алдағы уақытта электронды дауыс беру мүмкіндігін қарастыру көзделеді. Мұндай тетіктер азаматтардың сайлау жүйесіне деген сенімін арттырып, олардың саяси үдеріске қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.