Қостанай облысында «Ақ жол» мүшелері үгіт-насихат өткізді

Партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Қостанай облысында «Ақ жол» мүшелері үгіт-насихат өткізді
Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

Қостанай облысының Сарыкөл ауданында «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды штабы мен Құрылтай депутаттығына кандидат Александра Серғазинова аудан әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен, Сарыкөл аудандық ауруханасының ұжымымен және медициналық мекеме пациенттерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде әлеуметтік әділеттілік пен медициналық көмектің қолжетімділігі мәселелеріне назар аударылды. «Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасында Қазақстанда ата-аналар балаларын емдету үшін қаражат жинауға мәжбүр болатын жағдайларға жол бермеу қажеттігі атап көрсетілген. Сондай-ақ партия әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесінің ашық әрі азаматтарға түсінікті болуын ұсынады.

Бағдарламада сапалы білім мен денсаулық сақтау адамға лайықты өмір сүру жағдайын қалыптастыратын маңызды бағыттар ретінде қарастырылады. Партия өкілдері кездесуге қатысушыларға осы ұсыныстарды таныстырып, аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелер бойынша пікір алмасты.