«Ақ жол» партиясы білім беру орталығының ұжымымен түйткілді мәселелерді талқылады
«Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды
«Ақ жол» демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық штабының өкілдері Ақжайық ауданындағы «Balalar Oqu Ortalygy» білім беру орталығының ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, білім беру саласын қолдау, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау, мұғалімдердің мәртебесін арттыру және әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуге бағытталған бастамалар түсіндірілді.
Іс-шара барысында орталық ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасы қамтылған үгіт-насихат материалдары таратылып, қызметкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар білім беру саласына қатысты қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.