09.08.2026, 23:51
Жаңалықтар
«Ақ жол» мүшелері БҚО-да ауыл тұрғындарымен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады
Партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді
Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин
«Ақ жол» демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық штабының өкілдері Теректі ауданына қарасты Жарқын ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ауылдық елді мекендерді дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар түсіндірілді.
Іс-шара аясында ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасы қамтылған үгіт-насихат материалдары таратылып, олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар ауылды дамытуға қатысты қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді