«Ақ жол» партиясы Маңғыстауда Алға мүгедектер клубының мүшелерімен кездесті
Кездесу барысында клуб мүшелері өздерін толғандырған мәселелерін айтып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті
Құрылтай сайлауы аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Құрылтай депутаттығына кандидат Маңғыстау облысында Алға мүгедектер клубының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында ерекше қажеттілігі бар азаматтардың әлеуметтік жағдайы, құқықтары мен мүдделерін қорғау, қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасау, спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай қалыптастыру және қолжетімді орта мәселелері талқыланды.
«Ақ жол» демократиялық партиясының бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қолдауды күшейтуге және мүгедектігі бар азаматтар үшін жұмыс орындарын ашуға жағдай жасауға басымдық берілген.
«Біз үшін әр азаматтың пікірі маңызды. Инклюзивті қоғам – баршаға тең мүмкіндік пен лайықты өмір сүру жағдайы қалыптасқан қоғам. Осы бағытта инклюзивті ортаны дамыту, азаматтардың әлеуетін іске асыруына мүмкіндік беру және қоғамның толыққанды мүшесі ретінде белсенді өмір сүруіне жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі», – дейді кандидат Бекнұр Бисенов.
Кездесудің ерекше әрі көңілді бөлігі клуб мүшелерімен бірге пара волейбол ойнау болды. Алаңда қатысушылар өзара қолдау көрсетіп, командалық рух пен белсенділіктің үлгісін көрсетті.
Кездесу барысында клуб мүшелері өздерін толғандырған мәселелерін айтып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.