10.08.2026, 04:38
Жаңалықтар
«Ауыл» партиясының өкілдері Тараз тұрғындарының сауалдарына жауап берді
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды
Фото: видеодан скриншот
Таразда «Ауыл» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаты Сұлушаш Құрманбекова мен партия өкілі Баймұрат Жақсыбеков тұрғындармен жүздесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Әсіресе білім беру сапасын арттыру және ғылымды дамыту мәселелеріне назар аударылды. Тұрғындар білім беру саласына қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар өңірдің әлеуметтік жағдайына қатысты сауалдар да айтылды.
Партия өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, айтылған ұсыныстарды тыңдады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді