10.08.2026, 12:51
Жаңалықтар
Шавкат Рахмоновтың әкесі өмірден өтті
Марқұмның жетісі 13 тамызда Қарағанды қаласында беріледі
Фото: @shavkatrakhmonov94
Қазақстандық UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысов 66 жасында дүниеден өтті. Vesti.kz мәліметінше, ол 2 тамыз күні қайтыс болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы жағдай әлеуметтік желілерде марқұмды еске алуға арналған ас берілетіні туралы хабарландыру тарағаннан кейін белгілі болды. Құран оқылып, жетісі 13 тамызда Қарағанды қаласында беріледі.
Туыстары мен жақындарына арналған хабарламада Бақтыбай Рахманұлы Алпамысовтың рухына бағышталып, бейсенбі күні Құран оқылып, ас берілетіні айтылған.
Материал жарияланған сәтте Шавкат Рахмонов әкесінің қайтыс болғаны туралы көпшілік алдында пікір білдірмеген.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды