«Ауыл» партиясының төрағасы Солтүстік Қазақстан облысына барды
Жиындарда өнеркәсіпті дамыту, ауылдық аумақтарды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері сөз болды
«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сапар барысында партия төрағасы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп кәсіпорны мен өндірістік нысандарды аралап, еңбек ұжымдарының өкілдерімен пікір алмасты. Жиындарда өнеркәсіпті дамыту, ауылдық аумақтарды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар Қайрат Айтуғанов «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Кәсіпорын қызметкерлері өңірдегі өзекті мәселелер бойынша ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Олардың ұсыныстары партия өкілдері тарапынан алдағы жұмыста ескерілетіні айтылды.