Қазақстанда коронавирусқа қарсы алғашқы екпе салынды
Вакцина Аустралияда жасалған
Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығында коронавирусқа қарсы вакцина салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Вакцина салынған алғашқы қазақстандық - орталық директоры Қайсар Табынов. Препаратқа COVAX-19 атауы берілген. Аустралияда жасалған вакцина клиникалық сынаманың бірінші фазасынан өткен.
«Бұл коронавирус пандемиясы басталғалы алғашқы жақсы жаңалық шығар. Яғни, Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның пайда болуы. Бұл препараттарды жасаумен көптеген ғылыми ұжым, институт пен компания айналысады. Оның ішінде отандық вакцинамен біздің мамандар да жұмыс істеп жатыр. Қолдану үшін үлгілер дайын», - дейді телеарна тілшісі.
Айта кету керек, Қазақстанның жеке вакцинасын жасаумен Жамбыл облысы Отар ауылында орналасқан Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты айналысып жатқанын айтты.