ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 872 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Нұр-Сұлтандағы билбордтарда дәрігерлердің суреті пайда болды

Қаланың орталық көшелерінен 40-тан астам дәрігердің суретін көруге болады 

Фотолар: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтандағы билбордтарда елордалық аурухана дәрігерлерінің суреттері пайда болды. Бұл медицина қызметкерлеріне пандемия кезіндегі қажырлы еңбегі үшін көрсетілген құрмет, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, акция бастамашылары дәрігерлерге қажырлы еңбегі мен індетпен күресте өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс білдірді. 

Жалпы, қаланың орталық көшелерінен 40-тан астам дәрігердің суретін көруге болады. 

«Пандемиямен күресуге бес мыңға жуық дәрігер тартылған. Бүгінгі таңда біздің дәрігерлердің адалдығы мен кәсібилігін бағаламау мүмкін емес. Бірнеше айдан бері ақ халаттылар коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы қатарда болды. Олар бірнеше апта бойы отбасы мен достарынан жырақта, балаларын, әйелі мен күйеуін, әкесі мен анасын көрмейді. Сонымен қатар олар аурудың азабын тартып жатқан отандастарымен күнделікті бетпе-бет келіп, адам өмірі үшін күреседі. Біздің дәрігерлердің жанқияр еңбегінің арқасында көптеген адам үйге анасына, әкесіне, әйелі мен күйеуіне қайта оралды. Мемлекет дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалап, барша халық үлкен ризашылық білдіреді», - делінген хабарламада.

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат