«Байтақ» кандидаты энергетиктермен кездесті

Сала мамандары да үнсіз қалмады

«Байтақ» кандидаты энергетиктермен кездесті
Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

Үгіт-насихат жұмысы аясында «Байтақ» жасылдар партиясының хатшысы әрі Құрылтай сайлауына кандидат Владимир Мартель Алматыдағы Батыс жылу кешенінің еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, жылу энергетикасы саласын экологиялық жаңғырту мәселесі талқыланды. Тараптар зиянды қалдықты азайту, энергия тиімділігін арттыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, өндірістің қоршаған ортаға кері әсерін төмендету жолдары тақырыбын пысықтады.

Осы бағыттағы өзекті түйткілдерді көтерді. Мәселен еңбек жағдайын жақсарту, жалақыны жұмыс ауыртпалығына сай есептеу, зейнет жасы және тағы басқалар. Ашық пікір алмасу форматында өткен шараға 30-ға жуық адам қатысты.