10.08.2026, 01:16
Жаңалықтар
ЖСДП кандидаты Тараздағы ұстаздардың сауалдарына жауап берді
Кездесуде білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар мен пікірлер айтылды
Фото: видеодан скриншот
Құрылтай депутаттығына ЖСДП атынан кандидат Еркін Әбдиев Тараз қаласындағы №69 орта мектептің ұжымымен ашық пікір алмасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиын барысында ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар таныстырылып, әлеуметтік саясат, білім беру саласын дамыту, еңбек құқықтарын қорғау және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері сөз болды.
Мектеп мұғалімдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
Кандидат ұстаздардың сауалдарына жауап беріп, айтылған ұсыныстардың назарға алынатынын жеткізді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды