ЖСДП басшысы Respublica партиясының сынына жауап берді

Партия өкілі Асхат Рахымжановтың пікірінше, жұмыс аптасының ұзақтығын өзгерту мәселесі еңбек нарығының ерекшеліктерін ескере отырып қаралуы керек

ЖСДП басшысы Respublica партиясының сынына жауап берді
Фото: видеодан скриншот

ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов Respublica партиясының төрт күндік жұмыс аптасына кезең-кезеңімен көшу туралы бастамаға қатысты сынына пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ЖСДП өкілдерінің айтуынша, төрт күндік жұмыс аптасы әлемнің бірқатар елінде қазірдің өзінде қолданылып немесе тәжірибе ретінде сынақтан өтіп жатыр. Партия бұл форматтың еңбек өнімділігіне, экономикалық көрсеткіштерге, қызметкерлердің кәсіби күйзеліс деңгейіне және өмір сапасына әсерін бағалау қажет деп санайды.

Асхат Рахымжановтың пікірінше, жұмыс аптасының ұзақтығын өзгерту мәселесі еңбек нарығының ерекшеліктері мен жұмыс берушілердің мүмкіндіктерін ескере отырып қаралуы керек.