«Байтақ» партиясы Мәмбет ауылында экотуризм мен тарихи мұраны сақтау мәселесін талқылады

Жиында өңірдің экологиялық дамуына бағытталған бастамалар мен экожобаларды жүзеге асыру мәселесі сөз болды

«Байтақ» партиясы Мәмбет ауылында экотуризм мен тарихи мұраны сақтау мәселесін талқылады
Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында «Байтақ» жасылдар партиясының республикалық штаб өкілі Батыржан Сейдомар Жетісу облысы Көксу ауданының Мәмбет ауылына барып, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиында өңірдің экологиялық дамуына бағытталған бастамалар мен экожобаларды жүзеге асыру мәселесі сөз болды. Атап айтқанда, Жетісудың табиғи әрі тарихи мұрасы саналатын Ешкіөлмес жотасы мен Алабасы тауының туристік, тарихи-мәдени әлеуетіне назар аударылды.

Көпшілік бұл нысандарды қорғау, ғылыми тұрғыдан зерттеу керегін көтеріп, экологиялық туризмді дамыту және тарихи-мәдени мұраны насихаттау бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Экотуризмді қолдау арқылы жергілікті халыққа жаңа мүмкіндіктер ашу, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мәселесі де талқыланды.

Кездесуге қатысушылар табиғи және тарихи құндылықтарды сақтай отырып, өңірдің тұрақты дамуына жағдай жасаудың маңызын атап өтті.