Байтақтықтар Алакөл қорығында табиғатты қорғау мәселесі талқыланды
Экологиялық жұмвстарды күшейту мәселесі қарастырылды
«Табиғат – ұлттық мұра» республикалық сараптамалық дөңгелек үстелдер циклінің кезекті кездесуі Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Басқосуда, әдеттегідей, табиғатты қорғау саласындағы өзекті мәселелер мен сала мамандарының тәжірибесі талқыланды.
Кездесуде биоалуандықты сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту, браконьерлікпен күрес, ғылыми мониторинг жүргізу және экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне назар аударылды. Сондай-ақ экологиялық ағарту жұмыстарын күшейту және табиғатты қорғау заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Дөңгелек үстел қатысушылары табиғи аумақтарды тиімді қорғау үшін мемлекет, ғылым мен қоғамдық бірлестіктер өзара ынтымақтастық орнатып, етене жақын жұмыс істеуінің маңыздылығына тоқталды. Бұл ретте сарапшылар пікірі де тыс қалмауға тиіс екенін айтылды.