$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.08.2020, 17:53
Жаңалықтар

Астанада дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан бірнеше нысан анықталды

Сонымен қатар дәрі-дәрмек сататын алыпсатарлар ұсталды

Астанада дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан бірнеше нысан анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында полиция қызметкерлері дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан бірнеше дәріхана мен Telegram-мессенджер арқылы дәрі-дәрмек сатқан алыпсатарларды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сарыарқа ауданының полицейлері елде тапшы дәрі-дәрмектерді саудалап келген қаланың екі тұрғынын ұстады. 41 жастағы әйелден 150 мың теңгенің дәрі-дәрмегі, ал 24 жастағы жігіттен 160 мың теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар күні бойы болған рейд кезінде полиция қаладағы 8 дәріхананың дәрі-дәрмектерді қымбат бағамен сатқанын анықтады. 

«Рейдтер басталғаннан бері күзетшілер 100-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Олар бойынша 117 адам ұсталды, оның ішінде 68-ден астам дәріханашы болған, 430 дәріхана тексерілді. Тәркіленген медициналық бұйымдардың жалпы сомасы шамамен 20 миллион теңгені құрады», - делінген хабарламада. 

Дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактілері туралы мына телефондар арқылы хабарлауға болады: 8 (7172) 71-62-91, 71-63-35, whatsapp 8-747-620-57-93, немесе «102».

Серіктес жаңалықтары