Respublica Шымкенттегі еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып жатыр

Кездесу өткен кәсіпорындардың бірі ALUTECH компаниясы

Respublica Шымкенттегі еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып жатыр
Фото: Respublica партиясының баспасөз қызметі

Respublica партиясының Республикалық сайлауалды штабы Шымкент қаласындағы еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін үгіт-насихат жұмысына партияның тең төрағасы Қуаныш Шонбай да қосылды.

Кездесу өткен кәсіпорындардың бірі ALUTECH компаниясы. Бұл – алюминий профиль жүйелерін, рөлставеньдерді, алюминий және мыс кабельдерін, сондай-ақ құрылыс саласына қажетті өзге де өнімдерді өндіретін отандық кәсіпорын.

Кездесу барысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырып, әсіресе отандық тауар өндірушілерді қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және қазақстандық бизнестің өркендеуіне қолайлы жағдай жасау мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Қуаныш Шонбай Respublica әрдайым отандық өндірушілердің жанынан табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, әрбір табысты кәсіпорынның артында мыңдаған адамның адал еңбегі, тұрақты жұмыс орны, лайықты жалақысы және отбасының әл-ауқаты тұр.

Сөз соңында ол шымкенттіктерді 23 тамыз күні ел болашағы үшін маңызды таңдау жасап, Respublica партиясына дауыс беруге шақырды.