Ресей бұрын сотталған мигранттарға азаматтық беруге тыйым салды

Соттылығы болса, азаматтықтың күші де жойылмақ

Ресей бұрын сотталған мигранттарға азаматтық беруге тыйым салды
http://duma.gov.ru/

Ресей президенті Владимир Путин соттылығы бар шетелдіктерге ел азаматтығын немесе тұруға рұқсат алуға тыйым салатын заңға қол қойды. Тиісті құжат құқықтық актілерді ресми жариялау порталында шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Заң күші Ресей аумағында да, одан тыс жерлерде де қылмыс жасағаны үшін, өтелмеген соттылығы бар шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға таралады.

Бұл уақытша тұруға рұқсат пен тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартуға негіз болады.

Бұдан бөлек, 14 жасқа толған мигранттар өтініш берерден бұрын үш айдан ерте емес мерзімде өз елінде берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынуға міндетті.

Шектеулерден тек мына топтар босатылады:

  • 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар;
  • Босқындар;
  • Келісімшартпен әскери қызметтегілер және жауынгерлік әрекеттерге қатысушылар.

Шілде айының соңында Путин еңбек мигранттарының болуы мен жұмыс істеу ережелерін қатаңдататын бірқатар заңға қол қойған болатын.