Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылады
Бұған дейін 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасатыны туралы айтылған еді
Елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-арнасы.
«Бүгінгі таңда 350 мыңға жуық өтініш келіп түсті, олардың басым көпшілігі eGov.kz порталы арқылы қабылданды», - делінген хабарламада.
Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттарды тапсыру кезінде оларды уақытша ұсынбауға рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде ұсынуға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылатын болады.