Жусандалы мемлекеттік қорық аймағының аумағы 29 гектарға қысқарды
Қаулы 2026 жылғы 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан үкіметі республикалық маңызы бар Жусандалы мемлекеттік қорық аймағының аумағын 29 гектарға қысқарту туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2026 жылғы 29 шілдеде қабылданған құжатқа сәйкес, қорық аумағы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жұмысын жүргізу мақсатында 29 гектарға азайтылады. Қаулыда Жамбыл облысының әкімдігіне жер қойнауын пайдалану жұмысы аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіргеннен кейін жер телімдерін қорық аумағына қайтару міндеттелген. Қаулы 2026 жылғы 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жусандалы мемлекеттік қорық аймағы Алматы облысының Балқаш, Іле, Жамбыл және Жамбыл облысының Қордай, Шу, Мойынқұм аудандарында орналасқан. Оның жалпы аумағы – 2 млн 756 мың 973,73 гектар.
Айта кетейік, бұған дейін де Жусандалы мемлекеттік қорық аймағының аумағы 5,9547 гектарға қысқартылған болатын.