ҚХП мүшелері БҚО-да психикалық денсаулық орталығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді
Олар денсаулық сақтау жүйесіне қатысты мәселелерді талқылады
Қазақстан Халық партиясының Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының өкілдері психикалық денсаулық орталығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында штаб өкілдері партияның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған негізгі бастамаларымен таныстырды.
«Қазақстан Халық партиясы заманауи денсаулық сақтау жүйесі қолжетімді, сапалы әрі адамға бағдарланған болуы тиіс деп есептейді. Біз тек бастамалар көтерумен шектелмейміз. Бүгінде Қазақстан Халық партиясының қатысуымен әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар үшін медициналық сақтандыру кепілдіктері кеңейтілді, балаларға паллиативтік көмек көрсетудің жаңа стандарты бекітілді, ауруларды ерте анықтауды насихаттауға бағытталған жобалар жүзеге асырылып, медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бойынша нақты шаралар қабылдануда», – деп атап өтті штаб өкілдері.