«Ақ жол» партиясы Маңғыстау облысында «Хисмет» орталығының ұжымымен кездесті
Кездесуде шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау мәселесі талқыланды
«Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық штаб өкілдері «Хисмет» түзету-дамыту орталығының ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуде бағдарламаның ең ауқымды бөлігі экономиканы дамытуға арналғаны атап өтілді. Оның ішінде шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау, кәсіпкерлерге қатысты мемлекеттік бақылауды азайту маңызды екені айтылды. Әсіресе, алғаш анықталған заң бұзушылық үшін бірден айыппұл салмай, кәсіпкерге қателікті түзетуге мүмкіндік беру қажеттігі ерекше сөз болды.
Кездесу соңында жиналғандарға партияның саяси бағдарламасы жазылған кітапшалар таратылды.