Қазақстан 550 шетелдік азаматқа білім грантын бөлді

Бағдарлама шетел азаматтары мен Қазақстан азаматтығы жоқ этникалық қазақтарға арналған

Қазақстан 550 шетелдік азаматқа білім грантын бөлді
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарлама аясында шетелдік талапкерлерге білім гранттары бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мемлекеттік стипендиялық бағдарлама бойынша конкурс қорытындысын шығарды. Бағдарлама шетел азаматтары мен Қазақстан азаматтығы жоқ этникалық қазақтарға арналған. Конкурс нәтижесінде 550 талапкер қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Стипендиаттардың негізгі тізімі «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ресми сайтында жарияланған.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ғалымдардың Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының бірінің зертханаларында ғылыми зерттеу жүргізуге мүмкіндік алатыны хабарланған.