Қазақстанда алаяқтық колл-орталыққа қатысы бар 14 Корея азаматы ұсталды
Олардан заңсыз әрекетте қолданылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер табылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық колл-орталықтардың қызметінің жолын кесу аясында 23 шілде күні Корея Республикасының 14 азаматын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған елдің құқық қорғау органы оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, алаяқтық әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.
Олардың тұрғылықты жерлерін тінту нәтижесінде заңсыз әрекетте қолданылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер табылды.
«Ұсталғандар процестік іс-әрекеттер жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына жеткізілді», – делінген ҰҚК хабарламасында.