«Байтақ» партиясы Алматыдағы еңбек ұжымдарымен кездесуді жалғастырып жатыр

Медицина қызметкерлері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды

«Байтақ» партиясы Алматыдағы еңбек ұжымдарымен кездесуді жалғастырып жатыр
Фото: Байтақ

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутатына кандидат Владимир Мартель Алматы қаласындағы «Сұңқар» медициналық орталығы жанындағы «Қайнар» емдеу орталығының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шарада кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, экологиялық ахуалдың халық денсаулығына әсері жайлы ойын айтты. Әңгіме ауа мен ауыз судың сапасы, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және аурудың алдын алу мәселелері төңірегінде өрбіді.

«Халық денсаулығы ең алдымен қоршаған ортаның жағдайына байланысты. Сондықтан таза ауа, сапалы су және қауіпсіз экологиялық орта қалыптастыру – тек табиғатты қорғау ғана емес, ұлт саулығына салынған инвестиция. Біз үшін бағдарламаны таныстырумен қатар, күн сайын адамдардың денсаулығына жауапты мамандардың пікірін тыңдау да маңызды», - деп атап өтті кандидат Владимир Мартель.

Медицина қызметкерлері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Олар денсаулық сақтау саласы мен экологиялық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді талқылады.