28.07.2026, 12:04
Жаңалықтар
Тоқаев Таиланд королін туған күнімен құттықтады
Президент бұл мерекенің Таиланд халқы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында корольдіктің орнықты дамуының, ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарының айшықты белгісі ретінде бұл мерекенің Таиланд халқы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
«Мемлекет басшысы корольдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Таиланд халқына құт-береке тіледі», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды