$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.07.2020, 10:00
Жаңалықтар

Қостанай облысында спирт қосылған 1 мың литр сұйықтық тәркіленді

Суррогаттық алкоголь өнімін жасауға қатысты тексеру шаралары басталды

Қостанай облысында  спирт қосылған 1 мың литр сұйықтық тәркіленді

Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде және ҰҚҚ шекара қызметі, мемлекеттік кірістер органдарымен өзара әрекеттесу аясында 1991 жылы туған азамат басқарған «Газель» маркалы автокөлігін ұстады.

«Автокөлікті тексеру барысында 5 литрлік ыдыстарға құйылған шығу төркіні белгісіз, спирт қосылған 1000 литр сұйықтық анықталып, тәркіленді. Аталған факт бойынша суррогаттық алкоголь өнімін жасауға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде», - делінген мекеме таратқан хаарламада.

Тәркіленіп алынған өнім мемлекеттік кірістер органдарына айыпты тұлғаларды әкімшілікке жауапкершілікке тарту және өнімді денсаулық сақтау саласындағы өкілетті органға тапсыру үшін жолданды.

Серіктес жаңалықтары