Тағы 3 қазақстандық кәсіпорын Қытайға сүт экспорттайды – АШМ
Қазіргі уақытта 6 кәсіпорын өз өнімдерін Қытайға экспорттай алады
Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарының кәсіпорындары өз сүт өнімдерін Қытайға экспорттай алатын болды, деп хабарлайды ҚР АШМ.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР-ның Бас кеден басқармасы арасындағы белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде, тағы үш қазақстандық сүт өңдеуші кәсіпорын Қытайға экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіміне енді. Олар: «Гормолзавод» ЖШС (Көкшетау, Ақмола облысы), «Дәулет-Бекет» (Талдықорған, Алматы облысы) және «Лидер-2010» (Рудный, Қостанай облысы)»,- делінген хабарламада.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы сапары аясында Бейжіңде сүт және сүт өнімдерін экспорттауға ветеринариялық-санитарлық талаптар туралы хаттамаға қол қойды. Сол кезде Алматыдағы «Фудмастер», Қарағандыдағы «Евразия Инвест LTD» және Түркістандағы «Golden Camel Group LTD» сияқты үш компания өз өнімдерін көрші мемлекетке сату құқығын алған болатын.