15.07.2026, 13:38
Жаңалықтар
Қазақстанда скринингтен өткен 15 мың адам жүрегінде ақау бар екенін білген
Тағы 114 мың адам қан айналым жүйесінде аурулары бар екенін білген
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Былтыр Қазақстан бойынша 1,7 млн адам артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруын ерте анықтауға бағытталған скрининг өткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осы скрининг кезінде 114 мыңнан астам азаматтың қанайналым жүйесіндегі аурулары ерте анықталған.
«Анықталған жағдайлардың ішінде 99 мың пациентке (87%) артериялық гипертония, ал 15 мың пациентке (13%) жүректің ишемиялық ауруы диагнозы қойылған», - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жүрек-қантамыр аурулары бар шамамен 1,9 миллион пациент динамикалық бақылауда тұр.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады