АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Фото: istockphoto.com

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидаттар ұсынған саяси партиялардың үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін «АMANAT MEDIA GROUP» ЖШС-нің «Аzattyq Ruhy» сайтындағы интернет-алаңдарын ұсынудың жалпы шарттары.

«АMANAT MEDIA GROUP» ЖШС «Аzattyq Ruhy» ақпараттық агенттігінің меншік иесі (бұдан әрі -Сайт), Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысатын, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) Сайтта орналастыру үшін интернет-алаңдарын беру құны, шарттары және тәртібі туралы хабарлайды.

Сайлауалды үгіт жүргізу науқаны партиялық тізім бойынша Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған  кезден басталып, яғни 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-де басталып, 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-де аяқталады. Үгіт материалдарын сайтта орналастыру белгіленген реттік нөмір бойынша және көрсетілген кезеңде жүзеге асырылады(берілген өтінішке сәйкес).

Сайт үгіт материалдарын орналастыруға арналған алаңды жазбаша өтініш негізінде және сайт иесі мен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына партиялық тізім ұсынған саяси партияның уәкілетті өкілі арасында жасалған шартқа сәйкес ұсынады.

Үгіт материалдарын орналастыру көлемі мен мерзімі жазбаша өтініште көрсетіліп, жасалатын шартта айқындалады.Жазбаша өтініштерді тіркеу журналына әрбір өтініш келіп түскен күні кезектілік тәртібімен енгізіліп, оған реттік нөмір беріледі.

Жазбаша өтінішке төмендегі құжаттар қоса тіркелуі қажет:

  1. Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімінің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. Саяси партияның уәкілетті өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  3. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. Шарт жасасуға өкілеттік беретін тұлғаның құқықтық өкілеттігін растайтын құжаттар.

Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібіне сәйкес немесе жеребе арқылы (өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда) белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Сайт айқындайды.

Үгіт материалдары орналастырылатын күнге дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын Сайтқа ұсынылуы тиіс. Материалдарда қаржыландыру көзі туралы ақпарат және ақпаратты ұсынған тұлғаның (саяси партияның) тегі (атауы) көрсетілуі қажет.

Үгіт материалдарын ұсынған саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне жауапты болады.

Осы хабарлама және/немесе шарт талаптары бұзылған жағдайда, бұзушылықтар жойылғанға дейін материалдарды орналастыру тоқтатылуы немесе оларды орналастырудан бас тартылуы мүмкін.

Сайт үгіт материалдарын орналастырудан, егер оларда мынадай мазмұн болған жағдайда, бас тартуға құқылы:

конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақырулар;

Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған әрекеттер;

мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру;

әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік немесе рулық алауыздықты қоздыру;

оппоненттердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін материалдар;

қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау;

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған өзге де ақпарат.

Интернет-алаңды ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және өзге де уәкілетті органдардың талаптарына сәйкес түзетулер енгізілуі мүмкін.

Үгіт материалдарын орналастыру құны

Баннер

(Desktop): 350×200

Орналасу орны: басты бет.

1000 көрсетілім құны: 1380 теңге (ҚҚС қоса есептегенде).

Ұсынылатын көрсетілім саны: тәулігіне 150 000 көрсетілім.

Сайттың басты бетін фирмалық стильде безендіру

(Desktop): 2098×1088 px

Жалпы құны: 5 100 000 теңге (ҚҚС қоса есептегенде);

Материалдарды орналастыру мерізімі: 23 шілде 18:01 сағаттан бастап 2026 жылғы 22 тамыз 00 сағатқа дейін.

Мақала мемлекеттік немесе орыс тілінде жарияланғанда.

Басты бет, жаңалықтар лентасы және оған сәйкес айдарда (8 000 таңбаға дейін аралық белгісін қоса есептегенде, 10 фотодан артық емес, 1 бейне) — 500 000 теңге (ҚҚС қоса есептегенде).

Жаңалықтар лентасы және оған сәйкес айдарда (5 000 таңбаға дейін аралық белгісін қоса есептегенде, 5 фотодан артық емес, 1 бейне) — 400 000 теңге (ҚҚС қоса есептегенде).

Әлеуметтік желілер мемлекеттік және орыс тілінде

Facebook/Instagram/Telegram/YouTube (1 000 таңбаға дейін аралық белгісін қоса есептегенде/бейнематериал 5 минутқа дейін) — 200 000 теңге (ҚҚС қоса есептегенде).

Барлық материалдарға «Материал «_________» саяси партиясының қаражаты есебінен төленді» деген белгі қойылады.

Төлем материал ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде есепшот негізінде жүргізіледі.

Жазбаша өтініштер 2026 жылғы 20  шілдеден бастап (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) мына мекенжай бойынша қабылданады:

Астана қаласы, Есіл ауданы,
Д. Қонаев көшесі, 12/1, 512-кабинетте. Жұмыс күндері күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Факс немесе электрондық пошта арқылы жолданған жазбаша өтініштер қабылданбайды.

 

«AMANAT MEDIA GROUP» ЖШС Бас директорының м.а. Ш. Қожаев