Сайлауалды бағдарламамызды одан ары жетілдіре түсеміз – Максим Рожин
Ол мақсат пен міндет аз емес дейді
«Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі аясында саяси кеңес мүшесі Максим Рожин тізімге енген соң өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін партияның негізгі бағдарламасы таныстырылды. Оған Конституцияға енгізілген барлық өзгерістер мен реформаларға сай келетін маңызды мәселелер толық енді. Өздеріңіз көргендей, біз үшін ең басты басымдық – адам капиталы. Бағдарлама елімізде әрбір азаматтың өзін дамытуына, ыңғайлы жұмыс істеп, сапалы өмір сүруіне, сондай-ақ Қазақстанда әр адамның үні мен пікірі анық естілетіндей жағдай жасауға бағытталған. Біз сайлауға міне, осы бағдарламамен бара жатырмыз. Алдағы уақытта Құрылтайда көтерілген мәселелер мен міндеттер аз болмайды. Біз өңірлерден келіп түсетін ұсыныстарды мұқият қарап, азаматтардың талап-тілегін тікелей тыңдаймыз. Жалпы, халықты мазалаған негізгі мәселелер бұрынғыдан қатты өзгере қоймас, бірақ біз сол тілектердің әрқайсысын ескеріп, сайлауалды бағдарламамызды одан ары жетілдіре түсеміз», – деді Рожин.