Жамбыл облысында шетел азаматы елден 170 млн теңге шығармақ болған
Қазақстан аумағынан 10 мың доллардан артық сомада қолма-қол ақша шығаруға тыйым салынады
Қазақстан шекарасында бір аптаның ішінде 636 миллион теңгеден астам декларацияланбаған заңсыз валютаны алып өтпек болған 38 іс әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
30 маусым мен 7 шілде аралығында Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде осындай 38 әрекет анықталды. Нәтижесінде жалпы сомасы 636 миллион теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталды.
Жекеленген жағдайлардың бірінде, ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Қордай» автокөліктік шекаралық бақылау бөлімінде шетел азаматының жүгін тексеру барысында 350 000 АҚШ доллары (170 037 000 теңге) анықталды.
«Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды. ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республика аумағынан (10 мың АҚШ долларынан баламасынан асатын) соммадағы қолма-қол ақшаны шығаруға тыйым салынатынын еске салады», – делінген ҰҚК хабарламасында.