Қазақстанда жемқорлар бір ай ішінде 4,7 млрд теңгені жымқырып үлгерген
Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікті деп танылды
Қазақстанда парақорлар өткен маусым айының ішінде 4,7 млрд теңгені жымқырып үлгерген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі (97) парақорлық, (9) алаяқтық және (8) лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану, (7) жымқыру, (3) қызметтік жалғандық жасау, (1) билікті асыра пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты.
Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікті деп танылды. 149 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 129-ы сотқа жіберілді.
«Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 4,7 млрд теңгені құрады. Бюджетке 2,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.