Қазақстанға жарты млрд теңгенің вейпін заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Шекарада ірі көлемдегі вейп партиясы ұсталды

Қазақстанға жарты млрд теңгенің вейпін заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
Фото: freepik.com

Қостанай облысындағы «Қайрақ» автомобильдік өткізу пункті арқылы Қазақстанға ірі партияда «вейптерді» заңсыз алып кірмек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК мәліметінше, тыйым салынған 27 624 дана көлеміндегі тауарлар жүк автокөлігінің тіркемесіндегі басқа жүктердің арасында анықталды.

Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген электрондық тұтыну жүйелерінің құны 500 млн теңгені құрайды.

«Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды. Еске саламыз, Қазақстанда шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды алып кіруге, өндіруге тыйым салынады», – делінген ҰҚК хабарламасында.