«Маған дейін Португалияда ешқандай кубок болған жоқ»: Роналду Испаниядан ұтылғаннан кейін мәлімдеме жасады
Өткен түнде Португалия ұлттық құрамасы Испаниядан 0:1 есебімен ұтылып қалды
Футболдан Португалия ұлттық құрамасының капитаны Криштиану Роналду әлем чемпионатының 1/8 финалында Испаниядан жеңілісінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
41 жастағы аңыз ойыншы әлем чемпионатындағы жеңілісі өзіне ауыр тигенін, алайда осы үшін өзін айыптамайтынын ерекше атап өтті.
«Біз жақсы ойын көрсеттік. Бұдан да жақсы ойнауымызға болар еді, бірақ Испания – әлемдегі мықты құрамалардың бірі. Меніңше, олар финалға дейін жетеді немесе сол деңгейге жақын болуы мүмкін. Қазір әлем чемпионатынан шет қалғанымыз ауыр тиіп тұр, бірақ мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Португалиямен бірге бүгінге дейін үш кубок ұтып алдым. Криштиану Роналдуға дейін Португалияның еншісінде ешқандай кубок жоқ еді. Менің ең үлкен жеңісім – Еуро-2016 чемпионатындағы жеңісіміз. Міне дәл осы кубок мен үшін әлем чемпионаты секілді құнды. Ертең жаңа күнім басталады, өмір жалғаса береді. Мен ар-ұятым таза күйде оянамын, өйткені қолымнан келгеннің бәрін жасадым», – дейді Роналду.
Айта кетейік, өткен түнде Португалия ұлттық құрамасы Испаниядан 0:1 есебімен ұтылып қалды. Жеңіс голын Испания сапынан 90+1 минутта Микель Мерино соқты.