Алматыда ер адам ойнап жүрген бүлдіршінді жұлқып көтеріп, лақтырып жіберді (ВИДЕО)

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Алматыда ер адам ойнап жүрген бүлдіршінді жұлқып көтеріп, лақтырып жіберді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматыда ер адам балалар алаңында ойнап жүрген бүлдіршінді жұлқып көтеріп алып, лақтырып жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері ер адамға қолға түсірді. Белгілі болғандай, оқиға балалар алаңында болған және бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда ер адамның балаларға жақындап келіп, олардың бірін жұлқып көтеріп, лақытырып жібергені көрінеді. Салдарынан бала дене жарақатын алған.

Анықталғандай, күдікті осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға балалардың ойын кезінде болған жанжалы себеп болған. Осыдан кейін ер адам мәселені өз бетінше шешпек болған.

«Балаға дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицияда атап өткендей, балаларға қатысты жасалған кез келген заңға қайшы әрекетке себеп-салдарына қарамастан, заң аясында қатаң құқықтық баға беріледі», – делінген ПД хабарламасында.