Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты
Өкінішке қарай, анасы қайтыс болды
Алакөлде анасы мен қызы шомылуға тыйым салынбаған жерде суға түскен. Салдарынан екеуі де суға кетіп, ҚР ТЖМ Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жағаға алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, 1 шілде күні Алакөл көлінің жағалауында ҚР ТЖМ Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері патрульдеу жүргізу барысында жағалаудан шамамен 50 метр қашықтықта шомылуға тыйым салынған жерде суға батып бара жатқан екі әйел адамды байқайды.
Әскери қызметшілер дереу құтқаруға ұмтылған. Құтқару барысында әскери қызметшілерге оқиға куәгерлері де көмек көрсетті.
«Судан қатты жел мен толқынның салдарынан жағалаудан алыстап кеткен анасы мен қызы ес-түссіз күйде жағаға шығарылды. 2012 жылы туған кәмелетке толмаған қыз аман алып қалынды. Өкінішке қарай, 1991 жылы туған әйелді құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем қызметкерлері оның қайтыс болғанын тіркеді. Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу өмірге үлкен қауіп төндіреді. Азаматтар ауа райы жағдайын ескеріп, қатты жел мен толқын кезінде суға түспеуі қажет», – делінген облыстық ТЖД-ның агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.